«Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 769 Қаулысы (күші жойылды)

Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 769 Қаулысы

 

5-тармаққа сәйкес 2025 ж. 31 желтоқсанды қамтитын мерзімге дейін қолданылды

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2 және 4-тармақтарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 37-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) экспортына айрықша құқық берілген, домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған жекелеген болат дайындамалар түрлерінің тізбесі;

2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;

3) Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.

3. Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензия оның қолданылу мерзімі басталған күннен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын мерзімге дейін қолданылады және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімімен немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.